1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді. Біздің еліміз де құстарға өте бай. Қазақстанда құстардың 500-ге жуық түрі бар. Олардың күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді. Бұл – үлкен байлық. Сондықтан да біз оларды қорғап, пайдалана білуіміз керек. Құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Талай сазгерлер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. 1 Сауір –құстар күніне орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Қанатты досым келдің бе?» атты құстарды қорғау танымды сағат күні өтті. 


Бүлдіршіндер өз қолдарынан құстарға ұя жасап, ағаш басына өздері ілді. Балалар Қазақстанның қызыл кітабына енген және біздің өлкеміздің қанаттылары, және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік туында бейнеленген бостандық және тәуелсіздік рәмізі ретіндегі – бүркіт бейнесімен танысып, табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы Құстар  туралы көп деректер айтылды. Бүлдіршіндер құстар туралы мағлұматар алып, құстар әлеміне саяхаттадық.

 

Зарина Амантайқызы

 Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы