Шаяхметов Ғалымжан Әлібекұлы 1957 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Үрпек ауылында туған. 1964-1974жж. Амантоғай орта мектебін, 1978-1980жж. Қарағанды физкультура және спорт техникумын, 2002-2004жж. Алматының Орта-Азиялық университетінің (ЦАУ), заңгерлік факультетін бітірді. Амантоғай аудандық Балалар спорт мектебінде жоғарғы дәрежелі жаттықтырушы болып жұмыс жасаған жылдары тәрбиелеген шәкірттері қазақша күрестен облыс және республика чемпиондары, волейболдан дайындаған қыздар және ұлдар командалары аудан және облыс чемпиондары атанып, аудандық спорт мәдениетіне зор үлесін қосты.     

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты: Ғалымжан Әлібекұлының өмір жолынан сыр шерте отырып, кейінгі жас буынға үлгі ету, жастардың бойына патриоттық сезім ұялату, кітапты насихаттап, оны оқырман назарына ұсыну.                                                       

«Махаббат екен байлығым » деп аталатын жинақ үш кітаптан тұрады:

1) «Балалық шағым Балдәурен» .

2) «Оянған сезім осылай».

3) «Махаббат екен байлығым».


Бұл кітапта автор өткен ғасырдың 70 жылдарындағы ауыл балаларының өмір танымын, құрбы-құрдастарының арасындағы ақ пейіл мен достық қарым-қатынастарды, өздерімен қатарлас қыз балаларға деген ілтипат пен адалдықтан тұратын балалық пәк сезіміның пайда болуын суреттейді. Шығармада балалық шақтан бастау алып, мектеп өмірі, балғын да мөлдір махаббат сезімдері шынайлықпен көрсетілген. Кітап 2019жылы Қостанай қаласы «Қарлығаш»баспаханасынан басылып шығарылған.                                                                                                       

Тұсау кесер рәсіміне арнайы Амангелді аудандық әкімінің орынбасары С.Ж.Ғаниев, Амангелді аудандық мәдениет үйінің директоры О.Ж. Қылдыбаев, Амантоғай ауылының әкімі Ж.Р. Ілиясов,осы кісімен бірге оқыған құрдастары, туыс-туғандары, жанашыр жандары Ә. Әбдіхалықов, ауыл ардагерлері мен жастары қатысты. Алғашқы кұттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Ғаниев Сүндет Жолдыбекұлына берілді. Содан кейін Амантоғай ауылының әкімі Ж.Р. Ілиясов сөз алды.

Келген оқырмандарға, қонақтарға ауыл кітапханашысы кітаптың мазмұнын сипаттап берді.                                                                                                           
Кітаптың тұсауын кесу үшін ортаға Ақмола облысының Целиноград ауданының құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Ахметжанов Сапар Бейбітұлы, Амантоғай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Байдосов Теміржан Биланұлы ортаға шықты. Ол кісілер Ғалымжан Шаяхметовті кітабының тұсау кесер рәсімімен құттықтап,шығармашылық жолында табыстар тілей отырып,баталарын берді.

Кітап тұсау кесер кешін әрі қарай өнер жолындағы жолдастары С. Б.Ахметжанов бастаған топ соның ішінде Қажығалиева Г., Қажығалиева Г., Шаяхметов Қ., Мұхаметжанов Ә., Қалиахметова М., Татаев Б., Ходенов А., халықты өз өнерлерімен тамсандарды.Сонымен бірге керемет дауысымен ағамыздың жұбайы Дүбірбаева Ботагөздің орындауындағы әңдер қонақтарды риза қылды.Осы кешіміздің себепкері сегіз қырлы,бір сырлы ағамыздың «Вальс» әнің тебірентіп орындағанда, кешке келген қонақтар орындарынан тұрып қошемет көрсетті.                                                                                                                                 
   
Өте жоғарғы деңгейде өткен керемет кештің куәгері болған қонақтарымызға ауылымызда қонақ асы берілді.Кеш соңында ағамыз Ғалымжан Әлібекұлы өзінің қолтаңбасын қалдыра отырып,Амантоғай ауылдық кітапханасына 6 дана сыйлық кітабын тарту етті.
    
Қаламақы шығармашылығымен өз өмірінен сыр шерткен Шаяхметов Ғалымжан Әлібекұлына ауыл оқырмандарына керемет кеш сыйлағаны үшін,кітапхана ұжымының атынан шексіз алғыс білдіремін!

 

 

Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы