Еліміздің егемендігі нығайтып, ертеңісіне сеніммен қадам басқан шағында  заманына сай адамын тәрбиелеу- басты міндет.

Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани- адамгершілік білім беруді басты  идея етіп ұстанатын Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы  спортқа деген қызығушылғын арттыру.Салауаттану-адам жанының да,тәнінің де тазаруы,денсаулығының нығаюы,салауатты өмір салтын ұстануға тарту мақсатында ««Дені саудың - жаны сау» атты эстафеталық жарыс өткізілді. 5 кезеңнен тұратын эстафеталық жарыс.

1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз» 2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру» 3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы» 4 ойын: «Орамал тастамақ» 5.«Жүйрік ат» кезеңдерінен тұрды. Екі топта өздерінің жылдамдықтарын көрсетіп «Жүйріктер»  тобы жеңіске жетті. Сайыс соңында екі топта марапатталып, тәттілер таратылды.

Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Біздің кітапханамызда  оқушыларды адамдық болмысы жалы ой толғап, рухани –адамгершілік білім беруді баты мақсат етіміз.

 

 

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық балалар

 кітапханасының меңгерушісі