1995 жылы 30 тамыздағы референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына  биыл 24 жыл толды.  Еліміздің бас құжатына  айналған Ата Заңымыз мемлекетіміздің құрылымында, өсіп өркендеуінде, халықтың әл – ауқатының артуында ерекше рөл атқарды. Конституцияда мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы халық екенін нақты көрсетілсе, халық  референдум арқылы өз Ата Заңын қабылдап оның игілігін көруде. Осы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында «Айбары асқақ Ата заң»  атты кездесу кеші болып өтті. Кеш мақсаты; оқушыларға адам құқықтары, Ата Заңмыз туралы түсінік беру; өз міндеттері мен құқықтарын қорғай білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай  алу әрекеттерін дамыту.

 

Кешке аудандық прокурор  Телемисов Турар Ахмедияұлы,  Ішкі істер бөлімінің тергеушісі Турганов  Нұрсұлтан Серікұлы, Полиция қызметінің бөлім бастығы полиция мойоры. Шәйкенов Жаңабай Ертайұлы қатысты, кездесу кешіне келген қонақтарымыз өздерінің отбасы жайлы, өз салалары бойынша қызықты әңгімелерін айтып, заң бұзушылықтар, құқықтық сауаттылық, ойларын ортаға салып оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кеш қызықты әрі тартымды өтті. Кеш соңы ән – шашуға ұласып, келген қонақтарға кітапхана атынан  сый - сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар «Ата заң – ел тірегі» кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды.   Кештің соңы естелік суретке тусумен аяталды.

 

Әміржанова Мөлдір

Амангелді аудандық

орталық кітапхана

қызметкері.