Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.Сондықтанда қазақ атамыз ежелден-ақ қадірлі қариялардан ,атақты батыр ,билерден ,шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Ақ бата –ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз . Ал сөз бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш . Өзінің адал жаны , бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның қүдіретті күшіне шексіз сенеді . Ақ бата –қазақ халқы үшін -Ой ,Ниет , Тілек істің жиынтығы, барлық наным –сенімнің бірлігі. Сол себепті , қазақ халқы көне түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы батамен бастап келеді. Келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.Сонымен қатар Байғабыл ауылында «Ақ бата – асыл мұра»атты сайыс өткізілді. Сайысқа ауыл ақсақалдары: Ш.Баяхметов , Қ.Айтбаев , Қ.Ерғалиев қатысты.Сайыс үш кезеңнен, шарттарынан мүдірмей өтіп,аталарымыз жүлделі орындарға ие болды.Сайыс соңында ауыл ақсақалдарын өнерлері үшін ауыл әкімі құттықтап марапаттады.
Байғабыл ауылдық кітапханашысы Биргалиева .З.С
https://aman-kitaphana.kz/kz/novosti-kz/241-bata-beru.html#sigFreeId5fd464224d