Ертегілер әлемінде

«Шалқан» ертегісі

 

Амангелді аудандық орталық кітапхана жүйесінде  Кітапхана күніне орай  «Кітапхана білімнің күншуағы» атты кітапханалары күнінің  семинары өтті. Семинарға Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Шалқан» ертегісін  желісі бойынша оқырмандармен  қойылым  қойды.  Сонымен қатар семинарға барлық кітапханашылар қатысқандықтан әр кітапханашы өз жұмыстарын таныстырып,  іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинар мақсаты – оқырмандарға  кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапханалар арасында байланыс орнату, тәжірибе алмасу.
                        «Шалқан» ертегісісінің  кейіпкерлерді сахналау барысында олардың мінез-құлқын жеткізе білу. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл- қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында өткізілген болатын.   Біздің қойылымға Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 3 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Канафина Алтынай Сұлтанбекқызы  қатысып,  оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерін  жақсы көрсете біліп, келген көрермен қонақтарымыздың ыстық ықыласына бөленді.

 

Кітапханашылар өздерінің  жұмысына пайдасы тиетін  көп қызықты және керекті материалдарды алды. Ертегілер елінен келген кітап кейіпкерлері арқылы оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға қызықтыру, кітапхана өмірімен таныстырып, кітап сүйе білуге , бағалай білуге баулу.

Өткізілген семинар жастарға кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатындағы осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін растайды.

 

 

 

 

 

 

Мусабаева Зарина Амантайқызы 

Қостанай облысы, Амангелді ауданды

 

Балалар кітапханасының меңгерушісі