Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді.

Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығасын. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен. Өзінің шығармашылық өмір жолын балаларға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай –ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды. Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атымҚожа» повесі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан тұратын шығарма.

Биыл   Бердібек Соқпақбаевтың 95 жас мерей тойына  орай  Аудандық орталық балалар кітапханасы  «Менің атым –Қожа» повесі бойынша оқырмандар конференциясын өткізді. Шараға ауданымыздың Ы. Алтынсарин және Б. Қолдасбаев, Амангелді орта мектептерінің 6 сынып оқушыларымен Есір ауылының Мейірманов орта мектебінің 5 сынып оқушылары  мен ұстаздары ат салысты.  Шығарманы  жетік меңгерген оқушылар , мазмұның айтып жаң- жақты талқылады. Шара барасында «Менің атым-Қожа» киносының үзінділері көрсетіліп, оқырман  жүрегіне жол тапқан үздік туындыны жалғасын  оқушылар өз ойларынмен бөлісіп ортаға салды. Кеш соныңда қатысқан оқырмандарға өз ойымен көркем шығарманы жетік меңгеріп, көрермендерге көркем жеткізкені үшін марапат қағаздары берілді.

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Балалар кітапханасының меңгерушісі

Қостанай обл,Амангелді ауданы.