15 Қараша  – Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы, теңгенің айналымға енген күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қарашадағы Жарлығымен Ұлттық валюта күні, еліміздегі қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып жарияланды

 

Кез келген егемен елдің рәмізі болатыны секілді өз валютасының болуы да заңды. Өйткені, ұлттық валютаны жариялап, оны айналымға түсіру тәуелсіздіктің басты қадамдарының бірі еді. Ал, теңгенің айналымға түсуі Егеменді Қазақстанның қаржылай да тәуелсіз екенін тағы бір жария етуі болатын. Айтулы тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапхансы  Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге -мақтанышымыз!» кітап көрмесі жасақтап  оқырмандарға шолу жасалды. Кітап көрмесіне ұсынылған әдебиеттерге шолу жасаған кезде кітапханашы Ақдаулетова Шынар Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" кітабына ерекше назар аударған, онда Мемлекет Басшысы Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының ең қиын және жарқын сәттерін еске түсіреді. 
Осы кітаптың төртінші тарауы «Теңге - біздің тәуелсіздігіміздің символы» деп аталады және ол толық ұлттық валютаға арналған. Сонымен қатар аталмыш тақырыптағы мерзімді басылым беттеріне жарияланған тың материалдар орын алды. Атап айтқанда: Егемен Қазақстан 15.11.2012ж,- Ғ.Байназаровтың «Теңге-тәуелсіз экономиканың темір қазығы», осы сандағы Д.Ғалиеваның «Тәуелсіздігіміздің негізі нышанына айналған жұмыс құралы» мақалалары, сондай-ақ «Денсаулық» журналының 2012 жылғы қараша айында жарияланған «Ұлттық теңге мақтанышымыз» және «Қазақ тарихы» журналындағы «Алғашқы теңге» атты мақалалар кітап көрмесін толықтыра түсті.

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Қостанай облысы,Амангелді ауданы

Балалар кітапханасының меңгерушісі