1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні. Бұл мереке 2012 жылдан бері аталып келеді. Артқа шегінсек, 1991 жылдың 1 желтоқсаны тәуелсіз еліміздің тарихындағы ерекше күн.

 

Өйткені, дәл осы күні Қазақстан халқы жалпыұлттық сайлау барысында ел тағдырын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолына сеніп тапсырған болатын. Биыл, міне, Қазақстан халқы бұл мерекені жетінші мәрте атап өтуде. Тұңғыш президент күні еліміз үшін айтулы мереке. Бұл күн елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктері мен әлем алдындағы жинаған абырой – беделіне тағы да бір мәрте ой жүгіртіп, қорытынды жасайтын күн. Осы мерекеге орай Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ерліктің ерен тұлғасы» атты кең көлемде суретті – кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме 3 бөлімнен тұрады. Көрме мақсаты : Елбасы жайлы жан –жақты мәлімет беру және саясаткердің еңбегіне шолу жасау әрі насихаттау. Көрмеге Елбасының балалық бал дәурен, шағынан бастап, қызметтік, өсу кезеңдері, жеткен жетістіктері жайлы материалдар топтастырылды. Кітапхана қорындағы Елбасының еңбектері және ол туралы шетел саясаткерлерінің пікірлері жайлы еңбектер қойылып, ел назарына ұсынылды.