1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні.Тұңғыш Президент күнінің мән-мағынасы өте терең. Өйткені бұл егемендік алғаннан бері Елбасының еңбегіне арналған мереке. Осыған орай 29 қараша күні  Амантоғай ауылдық мәдениет үйінде  «Тұғырлы мәдениеттің- нұрлы күні»атты  әдеби-сазды кеш өткізілді.

Кеш салтанатты түрде еліміздің әнұранымен ашылды. Алғашқы құттықтау сөзді ауылымыздың әкімі Ж.Р.Илиясов алып,ауыл тұрғындарын Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады. Бұл кеште Амантоғай,Жалдама ауылдық жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ әсем даусымен Жұмағали Айназдың орындауындағы «Туған жер»,Шәймерден Толғанайдың «Астана»,оқушылар вокалы «Нұр аға», Іргебай Сүндеттің «Отан»  атты әндері жоғары деңгейде шырқады. Осы іс-шараға Бекетов Сағи,Тайгельдин Рауан, Сарбозов Елжас секілді ауылымыздың өнерпаз жастары өз үлестерін қосты.

        Осы мерекелік іс-шараға жиналған ауыл тұрғындары Амантоғай ауылдық кітапханасында ашылған «Елін сүйген-Елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі мен фото көрмесімен танысты. Бұл кітап көрменің мақсаты:болашақ ұрпаққа

Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев туралы мағлұмат беру,Елбасының өмірін,еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерді арттыру,Тұңғыш президентті құрметтеуге,егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.Көрмеге кітапхана қорындағы Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлының жазған кітаптары және ол жайлы естелік ,очерк пен өлеңдер жинағы қойылды. Көрмеге 50 ден астам кітаптар қойылды. Бұл іс-шара көпшілік үшін Ұлт көшбасшысы жайлы мол мағлұмат алуға жақсы мүмкіндік болды

 

Амантоғай ауылдық кітапханашысы: Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы