Ғасырлар бойы елдікті аңсап еркіндікті сүйіп өткен, бүгінде азат ел – Қазақстан Республикасы атанған ұлан-ғайыр мемлекетіміздің Тәуелсіздік алып, өзінің көк байрағын желбіреткеніне де, міне 28 жылдың жүзі болды.

 

Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен аман өтіп, өзінің кең байтақ жерін ұрпаққа аманаттау үшін, бұл жолда бабаларымыз үкілеген үміттерін ақ найзаның басына үкі ғып тағып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, басын бәйгеге тігіп күресе білді. 

Бүгін міне, батыр бабаларымыздың біздерге мирас қылып аманаттап кеткен Тәуелсіздік таңының атқанына 28 толып отыр. Тарихи өлшем тұрғысынан алғанда бұл аса ұзақ уақыт болмағанымен, осы кезең ішінде еліміз әлем танырлық тұ­шым­ды істер атқара білді. Айтулы мерекеге орай «Амангелді ауданды әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік қазақтың сан ғасырлық арманы» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке Б. Қолдасбаев жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «б» сынып оқушыларымен, сынып жетекшісі Смағұлова Роза Серікқызы және мектеп кітапханашысы Сүлейменова Назеркенің қатысуымен өтті. 

Кішіміздің мақсаты:Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру. Кеш барсында оқушылар Тәуелсіздік күніне орай тақпақтарын нақышына келтіріп оқыса, сері ұлдарымыз «Жігіттер» биін билеп, әнші қыздарымыз ән шырқады. Тәуелсіздік күнің жақсы тілек тілеген Амангелді орта мектебінің ұстазы Сейдахметова Нұрсұлу апай сөз сойлеп Тәуелсіздік күнімен  құттықтап ,  бүгінгі жас ұрпақты Отаның сүюге , құрметтеуге шақырды.

 Егемен еліміз еңселі болсын десек біз өскелең   жас ұрпақ   болашағымыздың дамуына үлес қосып Тәуелсіздігіміздің тұғырын мықты ұстайық.

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Аудандық орталық балалар кітапхана менгерушісі