Содан бері жыл сайын «Бір ел –бір кітап»акциясы өтіп тұрады. «Бір ел-бір кітап»  Республикалық акциясы бойынша 2020жылы ұлы Абайдың 175жылдық мерейтойына орай Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясы. Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150жылдық мерейтойына орай Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы таңдалды. Осыған орай Амантоғай ауылдык кітапханасында «бір ел-бір кітап» акциясы 2020 кітап көрмесі ашылды. «Бір ел-бір кітап»акциясының мақсаты:  ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтап,ана тіліне деген қызығушылықты ояту, әрі оқырмандарды кітап оқуға тарту. Осы кітап көрмесін Амантоғай ауылдық округі әкімі аппаратының  бас маманы Ахметова Күлпан және Жалдама жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Мықышева Ләззат келіп тамашалады. Осы оқырмандарымыз жазушыларымыздың шығармашылықтарымен танысып, оқырманымыз Мықышева Ләззат «Абай жолы» роман эпопеясын жаздырып алды. Бұл акция отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттырады.

Құрметті оқырмандар! Барлықтарыңызды «Бір ел-бір кітап» акциясына қатысып, жазушыларымыздың шығармашылықтарымен танысуға шақырамыз.

 

 

Амантоғай ауылының кітапханашысы:                           Қойжігітова А.Т.