Астанадан бастау алған мерейтойлық шараларды Аманггелді аудандық орталық кітапхана  қызметкерлері жағастыруда.

Әуезов туындысы қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен рухани қазынасына қосылған айтулы жаңалық, зор байлықтардың бірі екені даусыз. Ол - ұлттық мәдениеттің шегінен шығып, басқа елдер мен халықтардың мәдениетімен астасып, кірігіп, бүкіл дүние жүзілік көркем ой мен мәдениеттің биігінен үн қататын, үздік рухани құбылыс. Бұл туындының жалпақ халықтың жүрегін жаулап, өзіне баурап алуында үлкен сыр жатыр.

2020 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша жыл бойы қазақ ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы Абайдың туғанына 175 жылдығына орай Амангелді  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімі көрсеткіш әзірленді. Бұл көрсеткіште Абай Құнанбаев шығармашылығының  ерекшеліктерін, оның құдыретті поэзиясы мен философиялық еңбектерін зерттеген әдебиеттанушылардың және  асқан шеберлікпен жырлап, суреттеген ақын-жазушыларымыздың кітаптары және  баспасөз беттеріне шыққан материалдар тізімі көрсетілген.

Көрсеткіш көпшілік қауымға,  мектеп оқытушылары мен оқушыларына және Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ білгісі келетін барлық  оқырмандарға  арналған.

 

 

Р.Алмағамбетова

Амангелді аудандық

орталық кітапхана қызметкері