Қазақ халқының ұстаз пірі дәуірінің , мәдениеті мен өнерімен әдебиетін асқақ шыңын бейнелейтін кемеңгері –Ұлы Абай Құнанбаев екені дауыссыз. Бүгінде ол ақынның шығармаларын, тарихи ғұмырын насихаттау Абайдың толық таңдаушылардың деңгейін көтеру басты міндетіміз.

Бүгінгі танда Аудандық орталық кітапхана жүйесі  аудан бюджеттіннен Абайтану әліппесі арнайы тапсырыс беріп ,сатылып алынды.   Таяуда  «Interaktiv Kazakstan» компаниясы шығарған  сөйлейтін қаламы бар даналық әліппесі . Сандықшаның ішінде  «Жақсы құрбы-құрдас», «Жақсы бала»,      «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана» деп бөлінген төрт кітап және сөйлейтін қалам құрайды.Жүйелі оқулықтар Абайдың өлеңдерімен қатар түсіндірме сөздіктер берілген, түрлі тапсырмалар дайын тұр. Барлығы оқушылардың талабына  орай жасалған. Жобаның авторы- Нуралы Құдайбергенұлы.

Айтулы тақырыпқа орай Амангелді аудандық орталық кітапханасында Абайдың 175 жылдығына орайластырылған «Жыр тәңірі -Абай» бұрышының ашылуы салтанаттымен кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға шолу жасалды .Сонымен қатар "Адамзаттың перзенті-Ұлы Абай " атты библиографиялық көрсеткіш таныстырылып, 4 мектептің кітапханашыларына, келген қонақтарға таратылды.

Абайтану әліппесінің  тұсаукесер рәсімі Амангелді ауданының құрметті азаматы Уахитов Балтабай атамен, ардагерлер кеңісінің төрағасы  Дауылбаев Есім Жетпісбайұлын  құттықтау сөзімен кесілді.  Іс-шараға қатысқан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығының директоры Досымов Марал Мұратбекұлы және  Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Баженова Гүлжамиля Ермекбайқызы сөз сөйлеп жылы лебіздерін білдірді.

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Амангелді аудандық орталық балалар

 кітапханасының меңгерушісі