Қазақ әдебиетінің осылайша ғасырлар бойы жалғасып көркемдік даму желісінде көрнекті жазушы Сәбит Досанов та бар. Оның прозалық шығармалары ұлттық сөз өнерін әлемдік деңгейде танытумен ерекшеленеді. Сәбит Айтмұханұлы Досанов Амангелді ауданы Байғабыл ауылының тумасы. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, Ресейдің Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының иегері, Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері, еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат» орденімен марапатталған. Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, ауданымыздың құрметті азаматы. Аудандық орталы кітапхананың ақпараттық-библиография бөлімі «Дария басы бұлақтан» атты  жаднама құрастырып, көпшілік оқырманға шолу жасады.  

 

Р.Алмағамбетова

Амангелді аудандық

орталық кітапхана қызметкері