Осы сайысқа Амангелді ауданының барлық мектептерінен және ауылдық округтердің мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті, Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығын  мерекелеуге күніне орайластырылған. Байқау тақырыбы: «Соғыстың салған іздері». 

Байқау нәтижесінде бас жүлдені иеленген  сонымен қатар сәуір айында болатын VІІ  облыстық «Сөз құдіреті»   мәнерлеп оқу байқауына жолдама алған .Қарасу ауылынан келген Төрежан Жансая .1- орынды Ә. Боранбаев  атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Шәкір Ақбота иеленді. 2-орынды Амангелді жалпы білім беретін  орта мектебінің оқушысыӘбілғазы Айша мен Байғабыл ауылынан келген Нұрлан Мадина иеленді. 3- орынды Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы базен Асылан мен Үрпек ауылынан келген Олжабекова Азида , Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін оқушысы Нұрлыбекова Аруай иеленді.

Барлық жеңімпазды құттықтаймыз  облысқа жолдама алған Төрежан Жансаяға  жеңіс тілейміз. Барлық номинанттар мен қатысушылар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды

 

Мусабаева Зарина Амантайқызы

Балалар кітапханасының меңгерушісі