Жас ұрпақтың бойында отан сүйгіштік  сезімді ұялату, өскелең ұрпақты еліміздің қаһарман тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұрпақтар арасында сабақтастық қалыптастыру және жасөспірімдерді  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттау  мақсатында Амангелді аудандық балалар кітапханасы   аудандық  VІІІ аудандық   «Сөз құдіреті»  мәнерлеп оқу байқауын өткізді. . Осы сайысқа Амангелді ауданының 3  мектептерінен және ауылдық округтердің мектеп оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті, Соныме қатар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай   мерекелеу  күніне орайластырылған. Байқау тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан кітаптары».

 

Әділ қазылар алқасы мүшелері байқаудың талабы бойынша, қатысушылардың таңдап алған шығармаларына, мазмұнына, оқу мәнеріне, сөздің анық болуына, актерлық шеберлігіне , сандай-ақ, сыртқы келбеті мен сахна мәдениетіне мән беріп, тиісті бағаларын қойып отырды.

 

Байқау нәтижесінде бас жүлдені иеленген  Байғабыл ауылыннан келген Дүзбай Ақерке сәуір айында болатын VІІІ  облыстық «Сөз құдіреті»   мәнерлеп оқу байқауына жолдама алды.  1- орынды Ы:Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Мұханбетқали Нұрдаулет  еленді.  2-орынды Үштоғай ауылынан келген Айтбайқызы Айгүлім  иеленді. 3- орынды Үрпек ауылынан келген Есенғали Сабина иеленді. 

 

Сонымен қатар  Амантоғай ауылынан -Дауренбек Жанерке,

 

Аксай ауылынан-Серікбаева Сабина, Карасу ауылынан-Жүнісова Гүлімжан, Сартал ауылынан-Сағымжан  Диана,

 

Есір ауылынан-Кабидолла Назерке, Кумкешу ауылыннан-Данабек Мәукенұлы,  Жалдама ауылыннан -Жұмаш Аяжан,

 

Амангелді орта мектебінен келген -Базен Аслан қатысты.

 

Барлық женімпаздар мен қатысушылар мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды.