Ақсай ауылдық кітапханасында«Қанатты достар» атты тәрбие сағаты «3» сыныппен өтті.

Мақсаты: Оқушыларға  табиғаттың бір бөлшегі  -құстар екенін түсіндіру және құстармен танысу.

Құстардың табиғатқа да пайдасы зор. Олар ағаштарды зиянды құрттардан тазартады. Өсімдіктердің әр жерге өсуін де құстар таратады екен. Олар ағаштарға, шатырларға ұяларын салып, тіршілік жасайды.

Біз оларға қамқорлық жасауымыз керек.Көрмеге құстардың суреті және бірнеше журнал кітаптар қойылды.