ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы «Болашаққа бағдар   рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласына сәйкес, ел тарихында есте қалған, кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болған қазақ хандарын, батырларын еске алу, олардың ерліктерін ұрпақ санасына сіңіру мықтап қолға алынды. Осы айтулы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен терең тарихымызды насихаттау мақсатында Қазақ халқының батыры, 1916 жылғы Торғай көтерілісінің  батыры Ұлт – азаттық қозғалысы тарихындағы белсенді және аңызға айналған  тұлғалардың бірі. Кейкі Көкембайұлының туғанына – 150 жыл толуына орай Аудандық орталық кітапханада Ерлік сағатын өткізді.

Мақсаты - қазақ халқы үшін отаршылдыққа қарсы күрескен Кейкі  батырдың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елін, жерін қадірлейтін азаматтық тұлғаны қалыптастыру,бүгінгі ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялату. Оқырмандарға  Кейкі батырдың өмірі мен күресі жайлы дәріс оқылып, «Ерлік – ел мұраты» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс - шараға Амангелді орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.