Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады. 22 маусым Медицина қызметкерлерінің күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты кездесу кеші өткізілді. Кешіміздің қонақтары аудандық аурухананың психикалық денсаулық бөлмесінің жоғары дәрежелі медбикесі Бекина Сақыпжамал, Әбенқызы, акушер- гинеколог Ғалия Амангелдіқызы №2 терапевт участогының тәжірбиелі медбикесі Ахметова Гаухар, Айтбайқызы Кешенді бөлімшесінің операция медбикесі.Баяхмет Жалғас Ертасқызы және мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар «Дені саудың, жаны сау» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты - денсаулық адам баласының қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіру; оқушылардың салауатты өмір салты туралы ұғымдарын кеңейту, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Кеш барысында медицина қызметкерлерінің әсерлі әңгімелері көрермендерімізге ерекше серпін берді. Кеште Амангелді ауданның әншісі Тұрысбек Айдар, Жас тұлпар үйірмесінің жетекшісі Айтбаев Еркінғазы қонақтарға ән – шашуын тарту етті. Іс - шара соңында қонақтарға сый – сияпат жасалып, құрмет көрсетілді. 

 

М.Әміржанова

 

Аудандық орталық кітапхана қызметкері