#Qazaqstan30jyl

#amangeldi_aýdany

#kostanayoblysy

«Бір ел-бір кітап» Республикалық

акциясы бойынша Үрпек ауылдық кітапханасында өткізілген

мекеме қызметкерлерінің челенджі

Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылы «Абайдың қара сөздерінен» бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік авторлардың шығармаларын оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарды ата дәстүрін сақтауға, шынайы қасиеттерді сүюге тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

Биылғы жылы «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына – 30 кітап" рухани мәдени акциясы ұсынылды. Ұсынылған 30 кітаптың ішінде Қазақстан жазушылары мен ақындарының аудармалары проза, поэзия, драматургия және балалар әдебиеті бар.

Үрпек ауылының кітапханашысы Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы «Ел таңдаған -30 кітап» тақырыбында кітап көрмесін жасап, оқырманға таныстырды. Ауыл кітапханасынан әкімшілік қызметкерлері Тобық Жармағанбетовтың «Отамалы» кітабын көрмеден алып, қызығушылық танытып, бірі біріне оқуға ұсынды.

Тобық Жармағанбетовтың «Отамалы» прозасында оқиға кейіпкері Отамалының шыр етіп жерге түскеннен бері көріп келе жатқан сұрықсыз өмірі баяндалады. Жұпыны, бұйығы адамның бойындағы қайрат, қасіретпен бірге өмірге ұмтылысы өмірінің ақырғы сәтінде, тағдырмен арпалысы оқырман жүрегін елжіретпей қоймайды. Жүрегі ғана тоқтаған Отамалының рухы өлмей елден елге таралады.

Бұл әңгімеден ата бабамыздың өлмеші өмірін, кейінгі ұрпақ түсініп, түйсініп, бақытты бағалай білуі қажет. Биылғы ұсынылған кітаптар оқырман жүрегінен орын табатынына сеніміміз мол. Сондықтан әр кітапханашы осындай түрлі іс-шараларды өткізу арқылы оқырманды кітап оқуға шақырады.

Үрпек ауылының кітапханашысы

Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы