Амангелді аудандық орталық кітапханасына күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Ы.Алтынсарин орта мектебінің 5 сынып оқушылары мен ұстаздары келіп ,саяхат жасап, жұмыс барысымен танысып, кітап көрмелерімен танысып шықты.

Оқушылар қазақ балаларының сауатын ашып, тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, артына мол мұра қалдырған ағартушы,педагог,ақын,жазушы,қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына 180жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесімен таныса отырып, оның өлеңдерін, мысал-әңгімелерін жарыса айтып, өз білімділіктерін көрсете білді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына- 30 кітап» рухани-мәдени акциясы аясында таңдалып алынған озық авторлардың бірі-М.Мақатаев,С.Досжан,Р.Отарбаев,т.б. жазушылардың еңбектеріне шолу жасалып, Ж.Нәжімеденовтың сөзіне жазылған ,бүгінде әнұранымызға айналған «Менің Қазақстанымды» кішкентай жүректерімен сезіне отырып орындап шықты.

Кітапхана-ақыл-білім,адамгершілік ордасы.Сондықтан осы киелі мекенге оқушылардың жиі келіп, кітапхана қорындағы бай әдебиетпен танысып,сусындап өсіп, жиі бас сұғып тұрғаны абзал.