1 желтоқсан-ҚР тұңғыш президент күні.Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек.

Елбасының бастамасымен елімізде түрлі іс-шаралар,саяси-экономикалық,әлеуметтік реформалар жүзеге асты.

Елбасы көшбасшылық қасиетінің арқасында ұтымды шешімдер қабылдай отырып, қазақ халқын әлем елдеріне таныта білді.

Осы мерекеге орай аудандық орталық кітапханасы "Елін сүйген Елбасы"атты суретті кітап көрмесін ұйымдастырды.Көрмеге елбасының кітаптары,кемеңгер басшымыз жайлы жазылған еңбектер,халыққа арнаған жолдаулары,т.б.қойылып,оқырмандарға таныстырылды.