13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толу мерейтойы қарсаңында Қарасу ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік құрдастарымен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға «Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Досымов Марал Мұратбекұлы және аудандық мәслихат депутаты, Амангелді аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Мұсабаева Көркем Амантайқызы, Қарасу ауылдық округінің әкімі Қоржынбаев Ғасырсейіт Темірханұлы қатысты. Кеш қонақтары- еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 1991-інші жылы дүниеге келген Жасбуын орта мектебінің «Информатика» пәнінің мұғалімі Балтамұратов Ардақ Жұмағалиұлы, «Математика» пәнінің мұғалімі Марат Дамира Маратқызы және шағын орталық тәрбиешісі Дәуітбаева Әйгерім Қонысбайқызы. Отырыс барысында ҚР тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктері жайлы әңгіме қозғалып, көрермендермен сұрақ-жауап алмасты. Мектебіміздің өнерлі оқушысы Жеңіс Нұрымжан «Мен қазақпын!» әнін орындаса, кітапхананың жас оқырмандары Жаппас Айару, Зейнолла Айымжан, Қаратаева Аяулым кеш қонақтарына арнап мерекелік жыр жолдарын мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Марал Мұратбекұлы және Көркем Амантайқызы тәуелсіздік құрдастарын айтулы мерекемен құттықтап, аздаған сый-сияпаттарын табыстады.