Ұлан-ғайыр жерімізді мекен еткен ата-бабамыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барып,небір нәубетті бастан өткере отырып тәуелсіздікке қол жеткізді.

Биыл -тәуелсіздік таңы атқалы-30жыл.Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке-дара дербес ел екендігін дәлелдей білді.

Айтулы мерекеге орай Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік кеш барысында  "Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте!"атты кең көлемде ашық суретті кітап көрмесі дайындалып,қонақтарға таныстырылды.

Көрмеге,ел мен жер тарихы,1986жылғы желтоқсан оқиғасы,оның қатысушылары туралы,елбасының ерен еңбектері,бүгінгі Қазақстанның даму барысы жайындағы әдебиеттер ,кітапхана оқырмандарының тәуелсіздік тақырыбында жазған  жырларымен қатар,түрлі үйірме мүшелерінің туындылары қойылды.

Тәуелсіздікке тарту ретінде  жақында гана баспадан шыққан,талантты ақын,журналист ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Хамитбек Мұсабаевтың екі кітаптан тұратын "Арқамда Алаш аруағы"атты өлеңдер мен поэмалар жинағы да көрмеге қойылып,ел назарына ұсынылды.

Ащы термен келген тәуелсіздігіміз мәңгі болсын,ендігі келешек ұрпақтың өмірі тәтті болсын деген ниетпен келген  қонақтарға тәттілер үлестірілді.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын,еліміз мәңгі өркендей берсін!

Қалмағанбетова Гүлнұр