«Ертегі- ел ертеңі» даярлық сыныптарына ертегі дауыстап оқу.

Үрпек ауылдық округінің кітапханашысы Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінің даярлық сыныбына барып ертегі оқып берді. Балаларды кітап оқуға үйрету және әдебиетке деген қызығушылығын арттыру мақсатында балаларға ертегі кітаптардан кітап көрмесі жасалды.

Ертегі баланың қиялына қанат бітіреді. Жамандықтан аулақ жүруге, жақсылық жасауға, адалдыққа үйретеді. Бала арманын асқақтатып, өмірге құлшындырып, жаңалық ашуға жетелейді.

Бүгінгі оқылған «Піл мен маймыл», «Жылқы мен бұғы»,  ертегілері балаларды достыққа,  бір біріне мейірімді,  қамқор болуға шақырады. Ертегідегі жақсы, жаман кейіпкерлерге балалар өздері мінездеме беріп, қосылып отырды. Балалар көрмедегі ертегі суреттерін көріп тамашалады.

Даярлық сынып мұғалімдері Төлегенова Жаңагүл, Оралбаева Айзат, мектеп кітапханашысы Аубакирова Тоты ауыл кітапханашысына өз алғыстарын білдірді.

Үрпек ауылының кітапханашысы: Нұржанова Майраш Тұрғынбайқызы