Қазақтың ұлы жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының  академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезов биыл  125 жыл  толады. Осыған орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінің тарланы» атты тақырыпта әдеби кеш өткізіліп,  «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

           Бұл өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты – ұлы қазақ жазушысының өмірі мен  шығармашылық қызметімен таныстыру,әлем таныған Әуезовтың ұлылығын дәріптеу, қазақ елінің мақтанышына арналған заңғар жазушыны құрметтеуге, оқушыларды елін сүюге, әдебиетті білуге тәрбиелеу.

         Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей уезінің Шыңғыс болысында Ұлы Абайдың туған жерінде  дүниеге келген.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың бүкіл өмірі, барлық-қабілеті туған елі мен жері Қазақстанның мәдени-рухани өркендеуіне арналды. Кемеңгер қаламгер Мұхтар Әуезовтың орны ерекше.  Оның "Абай жолы" роман-эпопеясы  ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің және әлем әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді. «Абай жолы» роман эпопеясы ақынның ең басты туындысы. Романның бас қаһарманы ұлы Абайдың өмірі, өскен ортасы арқылы халқымыздың салты мен дәстүрі, дүниетанымы мен философиясы, өнері мен өресі, тарихы көрініс тапқан. Романның осындай әлеуметтік, мәдени, тарихи мазмұны қазақ халқын әлемге танытты.

         Әдеби кешке Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жармағанбетова Әсемгүл қатысты. Іс-шараға қатысқан оқушылар «Әлем таныған-Әуезов» атты кітап көрмесін тамашалады. Көрмеге Әуезовті бүкіл әлемге танытқан 4 томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы, 50 томдық шығармалар жинағы, әр жылдары жарық көрген ғылыми және шығармашылық еңбектерімен қоса, жазушы шығармашылығының зерттеулері, өмірбаяндық анықтамалықтар және жазушы туралы әдебиеттер қойылды. 

Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы ғалым – жазушы,  көркем ойдың алыбы, қазақ драматургиясының іргетасын қаласқан тұңғыш драматург, әлем әдебиеті классиктерінің туындыларын аударған аудармашы, оқу орындарында дәріс беріп, оқулық жазған ұлағатты ұстаз.

         Әуезов әлемі дейтін кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес.Оны терең  танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі міндеті.

 

Қойжігітова А.

Амантоғай ауылдық кітапханасының

кітапханашысы