Құмкешу ауылдық кітапханасында 9 мамыр жеңіс күніне орай тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Аттары аңызға айналып, ерлік ісі барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың қызы Мәншүк Маметова жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету. Оқушыларды қазақтың қос аруы, шынары жұлдызы болған Әлия мен Мәншүк есімдерін қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.Кітапханада өткізілген тәрбие сағатына Құмкешу орта мектебінің 4 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Исмайылова Гүлстан қатысты. Оқушылар «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат» тақырыбында және М.Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қаһарман қыз»тақырыбында жасалған сурет, кітап көрмелерін тамашалады. М.Мәметованың өмірбаянымен танысып, батыр бабаларымыздың ерлігі туралы жазылған кітаптармен танысты.