Биыл мемлекеттік рәміздер күніне 30 жыл! Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізінде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Осыған орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Ту, Елтаңба, Әнұран-тірегіміз, Туған жер деп соғады –жүрегіміз!» атты тақырыптық кеш өткізіліп, «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш еліміздің әнұранмен ашылды. Іс-шара Отанымыздың ұлттық мақтанышы мемлекеттік рәміздерге арналды. Кешке қатысқан Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушылары Отан туралы мақал-мәтелдер, жыр-шумақтарын айтып, «Рәміздер-тәуелсіздік тұмары » атты кітап көрмесін тамашалады. Көрмеге: С.Трофимованың «Біздің Отанымыз-Қазақстан», «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Менін Отаным-Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясы, «Сен білесің бе?» балаларға арналған энциклопедиясы қойылды . Кітапханашы оқушыларға Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсіндірді. Олар рәміздер туралы көп мағлұмат алды.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы . Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу-елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Қазақстан: Туымен – тұғырлы,
Елтаңбасымен – еңселі
Әнұранымен – айбатты ел!
https://aman-kitaphana.kz/kz/novosti-kz/335-tu-elta-ba-n-ran-tiregimiz-tu-an-zher-dep-so-ady-zh-regimiz-atty-ta-yrypty-kesh.html#sigFreeIdcabdb04c79
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылдық кітапханашысы Қойжігітова Айнұр Теміржанқызы