Амангелді аудандық орталық кітапханасына жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында  жазғы лагерь оқушылары көптеп келуде.

Аудан мектептерінен және ауыл аймақтардан келген жас оқырмандарымыз кітапхананың бір күндік жұмыс барысы, әр бөлімнің атқаратын қызметі, кітап қоры, кітапханашы мамандығының қыр-сырымен таныса отырып,  әртүрлі іс-шаралардың куәсі болды.

Оқырмандар ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығына орай-  «Ғасыр саңлағы», қазақтың ұлы жазушысы  Мұхтар Әуезовтың  125 жылдығына орай -«Қазақ әдебиетінің тарланы», саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің 25 жылдығына орай -«Тарих.Тағдыр. Тұлға», т.б. тұрақты   кітап көрмелерімен таныса отырып, осы тақырыпта  қойылған сұрақтарға да  жауап беріп, А.Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінділерді дауыстап оқып,  өз білімділіктерін көрсете білді. Бірнеше оқырмандар кітапханаға тіркеліп, өзіне қажетті кітаптарды жаздыртып алды.

Кітапхана - ақыл-білім, адамгершілік ордасы. Сондықтан осы киелі мекенге оқушылардың жиі келіп, кітапхана қорындағы бай әдебиетпен  танысып, сусындап өсіп, жиі бас сұғып тұрғаны абзал.