×

Ескерту

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/aman-kitaphana.kz/httpdocs/images//-888/3

×

Назар аударыңыз

There was a problem rendering your image gallery. Please make sure that the folder you are using in the Simple Image Gallery plugin tags exists and contains valid image files. The plugin could not locate the folder: images//-888/3

 

Білім бар жерде жерде кітап көбейеді. Кітап бар жерде білім өркендейді. Қазірге дейін кітапханаларға болған көзқарас, сол қоғам мүшелерінің білімге деген көзқарасының өлшеуі болып саналады. Кітап – білім байлығы ғана емес, рухты оятатын, ой-сананы өсіретін қымбат қазына, кітапхана сол қазынаның алтын діңгегі. Халқымыздың рухани, мәдени ой-санасының қалыптасуы мен дамуында кітапхананың атқарар рөлі ерекше. Кітапхана  еңбек өнімділігін арттыруға адамдардың, әсіресе жастардың, ой- өрісін, ішкі дүниесін қалыптастыруға пәрменді ықпалы бар фактор екенін өмір көрсетіп отыр. Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттерінің бірі болып табылады. Олай дегеніміз, кітапхана аз ғана тарихи уақыт ішінде айтарлықтай табысқа жетті.

Осы орайда, Амангелі аудандық орталық кітапханасында жергілікті ақын жазушылар мен атаулы күндердегі барлық ақын жазушыларға іс- шаралар кең көлемде өткізілуде. Кітапхана оқу залында аудандық ОКЖ-нің қызметкерлері мен ауылдық кітапхана кітапханашылары қатысуымен 2022 жылдың 21 маусымында 6 айға текті өткізілген жұмыстарының қорытындысы бойынша «Кітапханада өткізілген жұмыстардың бағыты» тақырыбында аудандық семинар өткізіліп, кітапханашылар баяндамаларын оқып,  өз іс тәжірибелерімен бөлісті.  Семинарды Амангелді аудандық ОКЖ директоры К.А.Мұсабаева алғысөзімен бастап, кітапханашылардың жұмысына сәттілік тіледі. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі кітапханашысы Қалмағанбетова Г. «Бір ел - бір кітап» акциясы бойынша А.Байтұрсынұлының «Ғасыр саңлағы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, өлке тарихы тұрғысындағы әдебиеттермен таныстырды. Библиография бөлімінің  қызметкері Аубакирова А. «Библиограф мамандығы: мәні, маңызы, және кәсіби этикасы» атты баяндама оқып, библиографиялық құралдарын көрсетіп. таныстырды. Кітап өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашысы Қалиева Сәлима  өлке әдебиеттерін оқырмандарға насихаттаудағы бірнеше әдіс-тәсілдері мен жұмыс жоспарлары тоғысқан баяндамаларымен таныстырды. Ауылдық кітапханалар оздерінің атқарған жұмыстарын баяндама жасап, ең қызықты деген іс- шараларына тоқталып өтті. Осы тұрғыда кітапхананың рөлі және жұмыстану бағытында кітапханашылар көзқарастарымен бөлісті.

Қазіргі күнде де кітапханалардың өрістеуі шарықтамаса, толастаған емес. Бұның айғағы ретінде де тәуелсіздігіміздің туы қолымызда желбірегеннен бері назарынан да тыс қалмады. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. Халықтың білім бұлағы болып саналатын кітапханалар жаңа талапқа сай жұмыс  істей бастады. Бүгінде кітапхананың тарихын оқырмандардың  зердесіне құйып, оларды осы тағылыммен таныстырып, тарихи санасын қалыптастырудың маңызы зор.

 

Амангелді аудандық орталықтандырылған

кітапхана жүйесінің әдіскері Бірмағамбетова Ж.Б.

{gallery}/-888/3{/gallery}