Жырымен елінің рухын көтерген

 

Торғай еліне өзінің ақындық өнерімен белгілі болған, оның мәдениетіне ерекше еңбек сіңірген ақын, ұстаз Қабден Қарымсақұлының туғанына-90 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде өткізілген іс-шаралар аясында орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Жырымен елінің рухын көтерген" атты  фотокөрме және "Сағындым әке, иісіңді!" кітабының тұсаукесері өткізілді.

Кітап авторы-ақынның туған қызы,Білім беру ісінің құрметті қызметкері,Алматы қаласы ,142 жалпыға білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қарымсақова Жанат Қабденқызы,әке алдындағы парызы ретінде артында қалған мол мұрасын жинақтап,зерделеп,оқырманға ұсынып отыр.

Биылғы жылы,Алматы қаласы, "www.gylym-bilim.kz"баспасынан 1000 данада басылып шыққан  кітапта жаны жомарт, кең пейілді ақынның өлеңдері мен поэмалары,мысалдары, өтірік өлеңдері берілген. Бала тәрбиесі жөніндегі әңгімелер жазылған.Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Қабден Қарымсақұлы 1932 жылы шілде айында Амангелді ауданы,Құмкешу ауылында дүниеге келген.1946 жылы Меңдіғара педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1948 ж.бастап аудандық, облыстық газеттерде алғашқы өлеңдері жариялана бастады. Сол 1948 жылы оқуын аяқтап, ұстаздық еңбек жолын Байғабыл орта мектебінен бастаған. Мектепте жүріп, әдебиет үйірмесін,домбырашылар тобын ұйымдастырды. Жазған өлеңдері жергілікті газеттерге басылатын болды. Осыдан бастап, ақындық жолға түседі. 1960 жылдан бастап жергілікті ақындар айтысына қатысып, талай жүлделі орындарды иемденді.

1916-18 жж. А.Иманов көтерілісіне арналған «Құмкешу шайқасы» атты поэмасы халықтан өз бағасын алды. Ол өтірік өлеңдер, сатиралық шымшымалар жазуға шебер болған.Қоғамдағы келеңсіз көріністерді түйреп жазуда ақындық шеберлік танытатын. Журналистика саласында да қалам тартты.Тарих тасасында қалған қалған талантты ақын Сәт Есенбайұлы туралы публицистикалық мақала жариялап,  да өз ортасына оралтып,үлкен азаматтық жасады.

Мұның сыртында қаншама маңызды проблемалдар көтерген материалдары басылымдарда жарық көріп, өз бағасын алды.

Қабден Қарымсақұлы 1990 жылы 20 ақпанда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Артында жазған дүниелері халық жадында сақталып қалды.

 

 Амангелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері

Қалмағанбетова Г.

 

ф