Амангелді аудандық орталық кітапханасының оқу залында отбасы күніне орай  «Отбасы - бақыт мекені» атты сырласу кеші өткізілді.  Кешті оқу залының кітапханашысы Сакулова Набира  жүргізді.  Іс-шара барысында «Отбасы - бақыт мекені» атты кітап көрмесі  қойылып оқырмандарға  таныстырылды. Отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, отбасында әке мен ананың алатын орындары  жайлы  қойылған сұрақтарға  оқырмандар өз ойларымен  бөлісіп, іс–шараға  белсене ат салысты.

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес.

Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат  болып өсуінің негізі болып табылады.

 

 

Набира Сакулова

Амангелді аудандық орталық

кітапхана қызметкері