Қазақ поэзиясына екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бір шоғыр жас ақындар келді. Аласапыран майданда қан кешіп, сұрапыл өрттің ортасынан оралған жалынды, жас дарындардың бастан кешірген шындығы-от пен оқтың ортасында жан ұшырған тағдырлар, өлімге қарсы шапқан айбынды ерлер,адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс апаты қазақ поэзиясының жаңа мазмұнына айналды. Қазақ жырына қазына қосып,елді елең еткізіп,топ жарған тұлғалы ақындардың ең басында сырлы өлеңнің сұңқары-Сырбай Мәуленов тұрды.С.Мәуленов өзі өмір сүрген дәуірінің арман-мұратын,болмысын жырына арқау етіп, қаншама жырлар тудырды. Биыл айтулы тұлға, халқымыздың көрнекті ақыны, қазақ поэзиясында өз үні,сара жолын салып кеткен Сырбай Мәуленовтың туғанына-100 жыл толуына орай аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлттық әдебиеттің классигі» атты танымдық кеш өткізілді. Кеш барысында Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылығы, жырлары насихатталып, оның сырлы лирикасын оқырмандардың жүрегіне ұялату, поэзияны сүю,бағалай білу маңыздылығы айтылды.Ақын шығармаларын Сейдағазин Сұлтан, Мұқатова Қаламқас, Мұқатов Абылай, Хаджибаев Айдын сынды оқырмандар мәнерлеп оқып, жете танысып шықты.

Г.Қалмағанбетова Аудандық

орталық кітапхана қызметкері