25 қазан – Республика күніне орай  аудандық  мәдениет үйінде өткен іс-шара барысында Амангелді аудандық орталық кітапханасы  «Мәңгілік  жаса, қыран елім-Қазақстан!» атты суретті кітап көрмесін  ұйымдастырды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – ата-бабамыздың тәуелсіздікке жету жолындағы саяси шешімдері, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, туған жерді сүюге баулу.

Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздікке бастаған алғашқы қадамынан бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы, саяси шешімдер, т.б.туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың Жоғарғы кеңесі еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты.

Бұл күн-ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына Отанды сүю, қадірін білу сияқты ұғымдарды  кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

 

 

Мұқанова Б.

Орталық кітапхана қызметкері