Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Үштоғай ауылдық кітапханасында " Қазақ халқының шамшырағы" тақырыбында танымдық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ұстаздың өмірі мен ағартушылық қызметін насихаттау, жас ұрпақты білімге, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу. Шараға ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Іс шара барысында кітапханашы Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының рухани дамуына қосқан зор үлесіне тоқталды. Сонымен қатар ағартушының өмір жолы мен еңбектері таныстырылып, оқушылар «Кел, балалар, оқылық» өлеңін мәнерлеп оқыды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып,шолу жасалды.
Ұлы ұстаздың білімге бастаған жолы - жас ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Үштоғай ауылдық кітапханашысы: Смагулова Үкі Мұсақызы
https://aman-kitaphana.kz/kz/novosti-kz/432-aza-khal-yny-shamshyra-y2.html#sigFreeIdfc2868f8dc

























