Биыл қазақ өнерінің көрнекті өкілі, композитор, жазушы, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың туғанына 90 жыл толып отыр.Ол ұлттық музыка мен әдебиетті қатар дамытқан көпқырлы талант иесі. Сазгердің әндері терең мағынаға, ұлттық рухқа толы. Оның шығармаларында туған жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік, өмірге деген құрметі айқын көрініс табады. Ілия Жақановтың әуендері халық жүрегінен орын алып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді. Бүгінгі бейнебаян арқылы сазгердің 10 деректеріне қысқаша шолу жасап, қазақ өнеріне қосқан үлесін танып-білеміз. Үштоғай ауылдық кітапханашысы: Смагулова Үкі Мұсақызы