Амангелді аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Күймен өрілген ғұмыр» Күйші Дина Нұрпейісованың туғанына – 165 жыл тақырыбы аясында танымдық сағаты оқырман назарына ұсынылды. Мақсаты: Оқырмандарға қазақтың ұлы күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын таныту. Ұлттық күй өнеріне қызығушылықты арттыру. Оқырмандардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту. 
Іс-шара аясында оқырман Дина Нұрпейісованың өмір жолы, Құрманғыздан алған тәлімі, күй өнеріне қосқан үлесі туралы баяндалды. Күйшінің «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Тойбастар» сияқты күйлері жайлы мағлұмат берілді. «Күй анасы – Дина» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеде Ахмет Жұбановтың «Ғасырлар пернесі», Амангелді Тәжібаевтың «Күй анасы – Дина» атты еңбектері таныстырылды. Дина Нұрпейісованың күйлері аудиожазба арқылы тыңдатылды. Оқырмандар күй өнерінің мазмұны мен әсері туралы пікір алмасты. Іс-шараға қатысқан оқырмандар Дина Нұрпейісованың күй өнеріндегі орны туралы ойларымен бөлісті, сұрақ-жауапқа қатысты.