Отан алдындағы жауапкершілікті жүрегімен сезінетін, азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған, патриоттық, көркем сөз мәдениетін дамыту мақсатында мектеп оқушылары мен ауыл қызметкерлері арасында «Менің дауысым-менің елім» атты патриоттық өлеңдерден көркем сөз байқауы өткізілді. Атаулы іс шараны ауыл кітапханашысы жүргізді.
Қатысушылар патриоттық тақырыптағы өлеңді мәнерлеп оқып, өлең мазмұны туған жер, Отан, тәуелсіздік, азаматтық парыз тақырыбын қамтып, қазақтың көрнекті ақындарының шығармаларын оқу арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, азаматтық парызын, еркін таңдау құқығының маңызын жырлады.
Хамитбек Мұсабаевтың «Елге тілек» өлеңін Жанкелдіқызы Жәния, Әбжан Әбілтай «Конституция» өлеңін Зейнолла Кәусар, Әбжан Әбілтай «Ата заңым айбыным» Дүйсенбай Кәусар, Ақұштап Бақтыгереева «Отан жайлы менің барлық өлеңім» Шакенова Айдана, Ә.Әбілтай «Елім менің» Төлеген Дамира, Х.Мұсабаев,«Тәуелсіздік» Дүйсенбай Інжу Маржан, Мұқағали Мақатаев «Отан» өлеңін Үрпек ауылдық округінің бас маманы Темірбай Ботагөз, Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын!» өлеңін клуб меңгерушісі Жұмағанбатова Айгүл оқыды.
Амангелді ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы -Ибраева Айнұр Тойкеновна, Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Қызыринов Айдос Жанайұлы, Үрпек ауылдық округі әкімі апаратының бас маманы - Биахмет Нұрболат Болатұлы әділ қазылық етіп, жеңімпаздарды марапаттап, сый сияпат тапсырды. Сайыс барысында 1 орынға иегері Зейнолла Каусар, 2 орын Дүйсенбай Каусар, 3 орынға Жанкелдіқызы Жәния атанды.
Байкенов Жангелді ағайдың жетекшілігімен дайындалған «Бір бала» және «Маленкая страна» қыздар тобының әні, мектеп тәлімгері Әлібекова Қарлығаштың орындаған «Біздің жақта» әні көпшілік көңілінен шықты. Амангелді ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, Ибраева Айнұр Тойкеновна ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп, рахмет айтты. Сахнада оқылған әрбір өлеңнен Отанға деген махаббатты, еркіндікке деген сенімді, және болашаққа деген жауапкершілікті сезіндік.
https://aman-kitaphana.kz/kz/novosti-kz/435-meni-dauysym-meni-elim-patriotty-le-der-baj-auy.html#sigFreeIdbf5d87070d

























