Жаңалықтар
1 сәуір - Құстар күні. Құстар әлемі
- Подробности
1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді. Біздің еліміз де құстарға өте бай. Қазақстанда құстардың 500-ге жуық түрі бар. Олардың күз айларындағы саны шамамен 18-20 миллионға жетеді. Бұл – үлкен байлық. Сондықтан да біз оларды қорғап, пайдалана білуіміз керек. Құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Талай сазгерлер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. 1 Сауір –құстар күніне орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасы «Қанатты досым келдің бе?» атты құстарды қорғау танымды сағат күні өтті.
«Жыл басы- Наурыз, мол болсын –дәм тұз» атты сазды бағдарламалық кеш.
- Подробности
Наурыз мерекесіне орай Үрпек ауылдық округінде 22 наурыз күні мерекелік іс шара өтті. Ауыл әкімінің халықты құттықтауынан кейін, бата беріліп наурыз көжеден дәм татылды. Мерекелік концерт ауыл халқына жақсы көңіл күй сыйлады. Мереке спорттық ойындармен және ат спорты ойындарымен жалғасты. Кешке ауыл жастарына би кеші қойылды.
Нұр Отан партиясына 20 жыл
- Подробности
Аудандық орталық кітапхананың оқу залында «Нұр Отан» жасампаздық пен дамудың 20 жылы» атты мерейтойлық кітаптың тұсаукесері өтті. Іс-шара партияның мерейтойына орай ұйымдастырылды. Айтулы еңбекті Жанар Буканованың басшылығымен Саяси менеджмент академиясының шығармашылық ұжымы дайындады. Кітаптың тұсау кесеріне Амангелді аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы, аудандық мәслихат аппаратының жетекшісі, кітапхана қызметкерлері қатысты.
IV аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
- Подробности
13 Наурыз күні Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен IV аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылады. Байқау тақырыбы: «Балдаурен балалық шақ!» Байқауға таңдалатын туынды қазақстандық жазушылардың сонымен қатар Қазақстаннан шыққан шетелдік авторлардың көркем әдебиетімен (жасөспірімдер үшін жазылған туындылар немесе балалар, жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шектелді. Байқауға бағын сынау үшін 12 үміткер қатысты.

























