Жаңалықтар
«Кітап – ақылшың, әрі досың» әлемдік халықтар ертегілер әлеміне саяхат
- Подробности
Аманкелді аудандық орталық балалар кітапхансының ұйымдасыруымен «Кітап – ақылшың, әрі досың» – атты іс-шарамыз, «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіндерімен әлемдік халықтар ертегілер әлеміне саяхат жасау ретінде өтілді.
«Өңірі-нұрлы, өмірі сырлы, құт мекен»
- Подробности
Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Туған жер» жобасы аясында ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай аудандық орталық балалар кітапхананың ұйымдастыруымен «Өңірі-нұрлы, өмірі сырлы, құт мекен» атты әдеби сазды кеш өткізілді.
Кітапханаға саяхат
- Подробности
12 ақпан күні Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасына аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин және Ә.Борынбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары аудандық балалар кітапханасына «Кітап білім бұлағы» айдарымен кітапханаға саяхат жасады. Оқушылар кітапхананың қыр-сырын танып, кітапхана қорымен танысып, жаңа әдебиеттерді тамашалады. Балалар кітапханасының меңгерушісі Зарина Амантайқызы жалпы кітапхана шаңырағында өтетін іс-шаралардың мақсаты мен міндеттерін оқушыларға түсіндіріп өтті.
Бізде қонақта - Ә.Боранбаев орта мектеп оқушылары
- Подробности
Амангелді аудандық орталық кітапхананың оқу залында ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты кең көлемде тұрақты суретті – кітап көрмесіне Ә. Боранбаев орта мектебінің оқушыларына арналған саяхат ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың туған өлкесі жайында білімін жетілдіру, туған елінің , жерінің тарихын зерттеуге және патриоттық тәрбиеге баулу.
«Жырыңнан қуат алам» атты жас қаламгерлер мүшайрасы
- Подробности
Жыл сайын ақпан айында ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні Үрпек ауылында аталып өтіледі. Жаңа ауыл орта мектебінің кітапханашысы Жетпісбаева Жұмагүлсімнің ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында ақиық ақынның туған күніне орай жас қаламгерлер мүшайрасы өтті. Кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, ақын өмірі мен шығармашылығына шолу жасап өтті. Жыр мүшайрасын 9 сынып оқушылары Нұрқанов Ильяс және Қонақбаева Айбибі жүргізді. Сайыстың шарттары «Жырыңнан қуат алам», «Жазары бар жас қалам», «Өзге тілдің бәрін біл» бөлімдері бойынша болды. Мүшарайға 20 бала қатысып, бақтарын сынады. Болашақ жас қаламгерлер анықталды. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, өз туындыларын ұсынып, үш тілге ақын өлеңдерін аударған 11-сынып оқушысы Сәрсенғали Жанерке 1-орынға ие болды. Тілегенов Нұртөре 2- орын, 3 орынға Сейткамалова Дамира ие болды. Болашағынан көп үміт күттіретін жас қаламгерлер Әлімжан Ақерке, Табылғанова Динара, Зейнуллина Әйгерім алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңында ақынның «Туған өлкем» әнін Сейткамалаова Дамира нақышына келтіре орындады.

























