Жаңалықтар
«Тәуелсіздік - ел бақыты, ертеңім»
- Подробности
Үрпек ауылдық округінде тәуелсіздік мерекесіне арналған "Тәуелсіздік -ел бақыты, ертеңім» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жаңа ауыл орта мектебінде «Жас ұлан» оқушылар ұйымы 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде ұйымға қабылдады.
Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
- Подробности
Амангелді ауданында Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш жолы және тәуелсіздік» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияда орталық кітапхана «Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!» атты суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды.
Тәуелсіздік туы желбіресін
- Подробности
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешіміздің мақсаты 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбилеу.
«Тәуелсіз елім -Қазақстан»
- Подробности
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінгі күнге дейін барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп келеміз. Жиырма алты жыл ішінде елдің әл әуқатын көтеріп , төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде,білім, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік – бізің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Біз білсек қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл кез келген мемлекет жете бермейтін жетістігі.Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
- Подробности
1 желтоқсан Түңғыш Президент күніне орай Амангелді ауданы Жетібай ауылдық кітапханасында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» тақырыбында фотокөрмеге шолу өткізілді. Көрмеге 5-6 сынып оқушылары қатысты.
Әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы өмірі мен ерен еңбегі туралы кең мағлұмат алды.

























