Жаңалықтар

Табиғат пен адам - егіз ұғым Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ. Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Жақында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Табиғат және біз» атты кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты- оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру; туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру, табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті  білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Іс – шараға Амангелді орта мектебінің 6 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, табиғат туралы білімдерін толықтыра түсті.

Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені.Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Туған жер» жобасы аясында ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай аудандықорталық балалар кітапхананың ұйымдастыруымен «Өңірі-нұрлы, өмірі сырлы, құт мекен»атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кешке ауданымыздың 4 мектеп оқушыларымен мектеп мұғалімдері қатысты. Кеш шымылдығы туған жер тақырыбына арнап жазған мектеп оқушыларының жатқа мәнерлеп орындауларында өлке тарихынан сыр шертетін өз шығармашылықтарын жыр шумақтарымен ашылып, «Дархан дала-Аманкелді» атты бейнефильм мен слайд көрсетілімі ұсынылды. Кеш барысында ауданымыздың көркейіп, гүлденуіне орасан зор үлесін қосқан азаматтарға арналған «Туған өлкем- тұнған шежіре» атты кең көлемде суретті- кітап көрмесін аудандық орталық кітапхана қызметкері Бірмағанбетова Жансая көрмені таныстыру барысында сөз алып, тоқырау кезіндегі аудан азаматтарының жақсы игі істері туралы оқушыларға мол мағұлматтар беріп, жастарғаауданымыздың тарихын танып білуге шақырды. Кешке жақсы өтуіне үлес қосқан Ы.Алтынсарин орта мектебінің 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Гүлмира Кеңесқызы ат салысты. Кеш барысы әсем әнмен жалғасты.

« Асқақ әнім,Астана! » атты XXXII облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестивалінің аудандық байқауы аясында Амангелді аудандық орталық кітапханасы ауданымыздың құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған өлкем-тұнған шежіре» атты кең көлемде суретті-кітап көрмесін ұйымдастырды.

Аманкелді аудандық орталық балалар кітапхансының ұйымдасыруымен «Кітап – ақылшың, әрі досың» – атты іс-шарамыз, «Қаламқас» балабақшасының бүлдіршіндерімен әлемдік халықтар ертегілер әлеміне саяхат жасау ретінде өтілді.

2018 жыл Аудандық орталық балалар кітапханасының кітап қоры 46 баспасөз басылымдарымен толықтырылуда. Осы орайда балалар кітапханасының қызметкерлері "Жұпар" балабақшасының бүлдіршіндеріне «Ең қызықты журналдар» атты балаларға арналған жаңа мерзімді басылымдарға шолу өткізді.